• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е. Досаев: Республикалық бюджеттің шығындары әлеуметтік сала мен жұмыссыздықты болдырмауға бағытталады

Е. Досаев: Республикалық бюджеттің шығындары әлеуметтік сала мен жұмыссыздықты болдырмауға бағытталады

19 Ақпан, 2015 12:10
Республикалық бюджеттің шығындары әлеуметтік сала мен жұмыссыздықты болдырмауға бағытталады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен брифингінде.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес және ел экономикасының одан әрі  нашарлау мүмкіндігін ескере отырып Проблемалы несиелер қорын қосымша капиталдандыруға Үкімет резервіне 250 млрд теңге беріледі», - деп мәлімдеді министр.

Сонымен қатар, Е. Досаев атап өткендей, Мемлекет басшысы бюджет шығындарын, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, кәсіпорындардың  шығындарын оңтайландыруды тапсырған болатын.

«Республикалық бюджеттің шығындары бірінші кезекте әлеуметтік міндеттемелерді толғымен орындауға және  жұмыссыздықды болдырмауға, іскерлік белсенділікке қолдау көрсетуге бағытталады», - деп жалғастырды министр.

Бұдан басқа, ҰЭМ басшысы атап өткендей, отандық компаниялар өніміне деген ішкі сұранысты қолдау үшін және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында  «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыра бастау тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 11 ақпанында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ағымдағы жылға және орташа ұзақмерзімді уақытқа экономика саясатының контрциклисті шаралары анықталған болатын.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар