Қазақстан ДСҰ-ға ену келіссөздерін 2015 жылдың көктемінде аяқтайды

19 Ақпан, 2015 11:41
Қазақстанның ДСҰ-ға ену үдерісі аяқталуға жақын, келіссөздер ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында өз мәресіне жетеді, деді ОКҚ брифингінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

«ДСҰ-ға ену  туралы келіссөдер аяқталуға жақын. Өткен жылдың негізгі қорытындысы Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуының Еуропалық Одақпен өткен екіжақты келіссөздерінің аяқталуы. Біз келісімге қол қойдық», - деді ол.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, осы сынды келіссөздер АҚШ-пен де жүзеге асқанын айтты. «Қазір белсенді келіссөздер АҚШ-тың фитосанитарлық  тәртіптері мен сауда өкілдіктерімен жүргізілуде», - деді ол.

Е.Досаевтың айтуынша, сәуір-мамыр айларында аталмыш келіссөздерді тыңғылықты аяқтау жоспарлануда. «Экономикалық интеграция министрі Айтжанова бүгін белсенді келіссөздер жүргізудің ортасында жүр. Алматыда Еуропалық Одақтың қосымша нормаларына сәйкес келіссөздер өтуде», - деді министр.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар