• Басты
  • Қостанай облысында «Нұрлы жол» мен индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
19 Ақпан, 2015 11:49

Қостанай облысында «Нұрлы жол» мен индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды

Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Әсет Исекешев, облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов, Қазақстанның даму банкінің (ҚДБ) басшысы Болат Жәмішев және Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы (ҚҰП) төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевтың қатысуымен облыс кәсіпорындары басшы-қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Қостанай облысында «Нұрлы жол» мен индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды | Strategy2050.kz

«Кеңесте кәсіпорындардың биылғы жылға арналған жұмыс жоспарлары және оларды іске асырудың шешім жолдары тыңдалды. Басқосудың нәтижелері бойынша үкімет талқысына ұсынылатын өндірістік өнеркәсіп орындарын қолдау жоспарына қосымша шаралар енгізілетін болады. Мұның сыртында, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мен индустрияландыру мәселелері талқыланды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Министр бірқатар кәсіпорындарды аралады. Жұмыс тобының алғашқы соққан нысаны «Евраз Каспиан Сталь» арматуралық зауыты ЖШС-гі болды.

Құны $131 млн. жобаның  70%-ын «Қазақстанның даму банкі» АҚ қаржыландырған. Өткен жылы 93 мың өнім шығарылған болатын. Ахуалдың аса қолайсыздығына қарамастан  бұл кәсіпорын биыл өз қуатын жылына 365 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Зауыт ең алдымен Қазақстанның ішкі нарығына бейімделген.

Өнімнің қалған бөлігін Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспорттау жоспарланған. Қазіргі таңда кәсіпорында 250 жұмыс орыны  әзір. Министр сонымен бірге «Баян сұлу» тәтті тағамдар шығаратын фабрикаға да соғып, аралады. Кәсіпорын қазір Ресейге экспорттауын жаңғыртты. Сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан, кәсіпорын мұнда мамандарды қысқарту деген мүлде жоспарланбаған. Тіптен, сонымен қоса, олар биылғы жылы өндіріске бірқыдыру модернизация жасауды жоспарлап отыр.

Әсет Исекешев сонымен қатар Соколов-Сарыбай тау-кен-байыту өндірістік бірлестігі металл илеу зауытының жұмысымен мұқият танысты. Бұл нысан ССТӨБ-нің өз қаржысына салынған. Ал сырттан 7,5 млрд. теңге инвестиция тартылған. ретінде қосымша қаражат бөлінген. 650 жұмыс орыны ашылған. Қуаты жылына 75 мың тонна металл прокатын шығаруға жеткілікті.

Мұның сыртында министр Рудный қаласында сүт және айран мәнзелдес өнім шығаратын «Лидер-2010» ЖШС цех құрылысының барысымен танысты. Қазіргі уақытта онда құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылуда. Цех іске қосылғанда сүт өңдеу қуатын жылына 6820 тоннаға дейін көтеруді және  өнім алуандығын арттыру жоспарлануда. Оның өнімдері  Ресейге де экспорттап жөнелтілуде.

Министр атап өткендей, индустрияландырудың бастапқы бесжылдығындағы кәсіпорындар  сыртқы ықпалдарға басқаларынан гөрі төзімдірек. Олардың бизнес-моделі тиімдірек, мығымдылық қоры тәуірірек. Индустриялық бағдарлама өңірлерге жасаған деген әсер-ықпалы қуатты екендігіне барлығы да көз жеткізді.

Айталық, Қостанай облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2014 жылғы қорытынды бойынша 2008 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге өскен (341 млрд. теңгеден  532 млрд. теңгеге дейін). Өңдеу өнеркәсібі бойынша еңбек өнімділігі 2 есеге жуық өсті 2014 жылы 113 млрд. теңгеден 250 млрд. теңгеге дейін) мың АҚШ долл/адамға жеткен. Металлургия, құрылыс және  тамақ өнеркәсібі секторында оң динамика (былтыр 93,1 пайыз болған) аңғарылады.

Қостанай облысының индустрияландыру картасы бойынша 87 нысан жүзеге асырылуда. Оларда 7,3 мың тұрақты жұмыс орынын ашу жоспарлануда. Бағдарламаны жүзеге асыру жылдары жалпы сомасы 115,1 млрд. теңгені құрайтын 77 нысан салынып, шамамен 4,9 мың тұрақты жұмыс орыны ашылды.

2015 жылы 3 жобаны іске қосып, 370-тен астам жұмыс орыны ашу жоспарлануда. В 2015 жылы 3 нысан салу, 370-ден астам тұрақты жұмыс орыны  ашу жоспарлануда. Өткен жылы Қостанай облысында іске қосылған жобаларда 69,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Олардың облыс өнеркәсібі көлемі бойынша үлес-салмағы 13% (ҚР бойынша аорта есеппен  – 7,9%), өңдеу өнеркәсібі бойынша – 27,8% (ҚР бойынша орта есеппен  – 12,9%). Өлкенің өңірлік мамандандырылуының қалыптасқандығы аңғарылады. аймақта қара металлургия, тағам өнімдерін, автокөлік  құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын  өндіру дами түскен.

Биылғы жылы облыста автомобиль жолдарын салу жұмысы ширатыла түсетін болады. Автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы – 9 516 км, оның ішінде республикалық маңызы барларының ұзақтығы – 1 410 км, ал жергілікті маңызы бар жолдардың ұзақтығы  – 8 106 км. 2015 жылғы қаржыландырудың жалпы көлемі  9 451,7 млн. теңге, оның ішінде: 1) республикалық жүйе –  4 111,4 млн. тенге; 2) жергілікті жүйе – 5 340,3 млн. теңге.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды