• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Досаев: «Бәйтерек» холдингінің құнды қағаздар қарызы 2015 жылға ауыстырылды

Е.Досаев: «Бәйтерек» холдингінің құнды қағаздар қарызы 2015 жылға ауыстырылды

19 Ақпан, 2015 11:14
«Бәйтерек» холдингінің Ұлттық қордағы құнды қағаздар қарызы 2016 жылдан 2015 жылға 75 млрд теңге көлемінде ауыстырылады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Сонымен, ҰЭМ басшысының айтуынша, 70 млрд теңге құнды қағаздар қарызы түрінде қарастыралған. Оның ішінде 20 млрд теңге отандық автоөндірушілерге, 10 млрд теңгесі тікұшақ өндірісіне, 5 млрд жолаушылар вагоны өндірісіне және 35 млрд экспорттаушыларға қолдау көрсетуге бағытталады.

Ал, 5 млрд теңге, Досаев хабарлағандай, үлестік салымдарды кепілдендіру қорына мақсатты трансферттер ретінде капиталға айналдыруға қарастырылған.

Осы ретте, қалған 25 млрд теңге 2016 жылы экспортқа және экспорт асты қаржыландыруға бағытталады, яғни үлестік салымдарды кепілдендіру қорына мақсатты трансферттер ретінде капиталға айналдыруға 15 млрд  теңге және  10 млрд теңге көлемінде  жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 11 ақпанында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ағымдағы жылға және орташа ұзақмерзімді уақытқа экономика саясатының контрциклисті шаралары анықталған болатын.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар