• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҰЭМ: 2015 жылы дағдарысқа қарсы жаңа шараларға 101 миллиард теңге қарастырылатын болады

ҰЭМ: 2015 жылы дағдарысқа қарсы жаңа шараларға 101 миллиард теңге қарастырылатын болады

19 Ақпан, 2015 10:52
2015 жылы дағдарасықа қарсы жаңа шаралар 101 миллиард теңге көлемінде қарастырылатын болады, деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Дағдарысқа қарсы бағытталған, жаңадан қолға алынып жатқан шаралар 2015 жылы 101 миллиард теңге көлемінде қарастырылады. Оның 2015 жылға ұлттық қордан қарастырылған 30 миллиард теңгесі әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған болатын. Олардың мақсатты бағыттарын анықтай отырып, 17,3 миллиард теңгесі білім беру нысандарын салуға жұмсалатады және бұл ретте қаржы бірінші кезекте апатты жағдайда тұрған мектептердегі 3 ауысымды оқытуды жоюды қарастырады. Сондай-ақ 12,7 миллиард теңге мектепке дейінгі мекемелердің «Балапан» бағдарламасы аясында мемлекеттік тапсырыстарын орындауға жұмсалады»,-деді Е.Досаев.

 Оның айтуынша, микрақаржылық ұйымдарды қосымша қаржыландыруға Ұлттық қордан 2016 жылға  қарастырылған 71 миллиард теңге тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен көлік жолдарын және жалдамалы пәтерлер салуға жұмсалаады.

Оның ішінде 20 миллиард теңге агроөнеркәсіп кешеніне бөлінсе, 10 миллиард теңгесі «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясындағы инырақұрылымдарды салуға, 5 миллиард теңге техникалық реттеу мен лабороториялық базаны жетілдіру арқылы ішкі нарықты қолдауға, 6 миллиард теңге геологиялық бақылау жұмыстарына және 30 миллиард теңге тұрғын үй құрылысын дамытуға жұмсалады.    

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар