• Басты
  • ҰОС ардагері: Майданға барып Отанымды қорғауды борышым деп есептедім (ВИДЕО)

ҰОС ардагері: Майданға барып Отанымды қорғауды борышым деп есептедім (ВИДЕО)

19 Ақпан, 2015 16:05
Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Ивановна Полторацкая 1923 жылы туылып, бар өмірін Қазақстанда өткізген, тек соғыстың алдында Ресейге Саратов облысы Балашов қаласына көшіп барады. Онда анасы жағынан туыстары тұрған екен.

1918 жылы Полтарацкийлер отбасын Ресейден Қазақстанға жер аудартады. Алайда көшіп келгендері сол-ақ екен соғыс басталып кетеді.

«Қазақстанға 2 сәуірде келдік, 22 маусымда соғыс басталды, яғни 2 айдан кейін. Мен жұмысқа орналасып үлгердім. Ол кезде жасым 18 бойжетіп қалған едім», - деді Мария Ивановна.

Ол кезде бойжеткен Маша комсомол болатын, басылым беттерінде жас қыздың патриоттық сезімі туралы жаза бастағанда майданға барғысы келді.

«Неге мен дені сау қыз үйде отыруым керек, майданда қаншама қандасымыз ажал құшып жатқанда деп ойлайтынмын. Қалалық әскери комиссариатқа көп бардым, олар мені қайта қайта қайтарып жіберетін»,- деп еске алды Мария Ивановна.

Ұлы Отан соғыс ардагерінің айтуынша, оны көптеген уақыт бойы әскерге шақырмай қойған. Тылда да күш керек, қажет болып жатсан шақыртады деп қайтара берген екен.

«Әкем соғысқа кетті, ал ағам Брестс қақпасы маңына шақырылып, сонда көз жұмды. Бізде 4 кішкентай бала болатын, сондықтан мені шақыртпайтын. Алайда мен онымен көндіге алмадым», - деп жалғастырды Мария Ивановна.

Бір күні қалалық комсомол комиссариаты қасынан өтіп бара жатып бойжеткен әкерге шақырылған жастардың бір топ тізімін көреді, олар кешке қарай майданға аттануы керек болатын.

«Мен бәрін тастадым, жұмыста кететінімді айттым, анама барып бәрін жайып салдым. Ол көп жылады,  жібергісі келмеді, бірақ мен қашып кетіп қалдым. Қас қарайғанда пойызға мініп, ең жоғарғы сөресіне тығылып жатып алдым. Ешкім қуып жібермесін дегенім ғой», - деп еске алады Мария Ивановна.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар