- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да 2015 жылы жол саласына 25 млрд теңге бағыттау жоспарланған
ШҚО-да 2015 жылы жол саласына 25 млрд теңге бағыттау жоспарланған
«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық саясатын іске асыру шеңберіндегі негізгі міндеттер – экономиканың тұрақты өсімі мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – жолдар құрылысы. Ағымдағы жылы жол саласына 25 млрд.теңге бағыттау жоспарланған.
«14 млрд.теңгеге 209 км республикалық маңызы бар жолды, 6 млрд.теңгеге 66 км облыстық маңызы бар жолды, 5,5 млрд.теңгеге 85 км аудандық маңызы бар автожолдар мен көшелерді жөндеу жоспарланған», - делінген хабарламада.
«Бородулиха-Жезкент», «Күршім-Қалжыр», «Үлкен Нарын-Күршім» автомобиль жолдары және Казнаковка өткелі мен Алакөл көлі бағыттарындағы жолдар жөнделетін болады.
Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту макроөңірлерді қалыптастыру шеңберінде хаб пинципі бойынша жүргізіледі. Инфрақұрылым каркасы Астананы өңірлермен күн сәулесі іспеттес магистральды автомобиль жолдары, теміржолдар мен авиажелілерімен байланыстыратын болады.
Біздің облыста «Астана-Өскемен» магистралі бойынша 118 км қайта жаңартылған, ағымдағы жылы 53 км жөндеу жоспарланған, бұдан басқа осы «Астана-Өскемен» трассасы және магистралі бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары аяқталуда.
Жобаларды іске асыру 2020 жылға қарай автомобиль көлігімен тасымалдау көлемін 1,5 есе арттыруға, 2 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Объектілер құрылысы барысында жергілікті материалдар қолданылады, құрылыс индустриясы мен жол саласы дамытылады.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары