2015 жылы Астанада 10 балабақша мен 5 мектеп ашылады

20 Ақпан, 2015 09:38
2015 жылы Астанада 2 440 орындық 10 балабақшаны және балабақшаға 60 орындық қосымша ғимаратты салып, іске қосу жоспарлануда.

Қала әкімдігі хабарлағандай, 5 075 орындық 5 жаңа мектеп пен 1 050 орындық қосымша ғимараттар салынып, пайдалануға беріледі. 

Мәселе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізде шешілуі тиіс. Оның аясында салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында бала бақшаларын ашу қажет. Бұл мәселені жобалау барысында ескеру керек.

Сондай-ақ, 2015 жылы 1 200 орындық бес балабақшаның құрылысы мен 4 800 орындық бес жалпы орта білім мектебін салуды жоспарлап отырмыз. Білім беру мәселесі, бұл тек құрылыс емес, сондай-ақ оқыту сапасы мен тәрбие ісіне де байланысты.

Сондықтан әріптестерім осыны ескерсе деймін. Бұл бағытта мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 2015 жылы 400 ұстазды оқыту көзделуде. 

Барлық жаңалықтар