ЕХӘҚМ-де күнкөріс минимумын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде

4 Қазан, 2013 11:37
ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінде күнкөріс минимумын жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Министрлікте күн көріс минимумын тұрақтандыру бойынша жұмыс тобы құрылған, оның құрамына ұлттық және халықаралық сарапшылар кіреді. Жұмыс тобының қызметі бойынша күн көріс минимумын жетілдіру үшін бірқатар ұсыныстар негізге алынатын болады», - деп хабарламада нақтыланған.  

Оған қоса, ҚР-ның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму Концепция жобасы бойынша 2017 жылға қарсы мемлекеттің экономикалық мүмкіндігіне қарай халықтың күн көріс минимумын өсіру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық еңбек ұйымымен бірігіп күнкөріс минимумын өсіру турасында халықаралық тәжірибені қолданған болатын.   

«Халықаралық еңбек ұйымының сараптама қорытындысы бойынша, Қазақстанда күнкөріс минимумы саласында қолданылып жатқан тәжірибе халықаралық міндеттерге сай екендігі анықталды», - деп хабарлады ведомство.

 

Барлық жаңалықтар