- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ШОБ нысандары барлық салық төлемдерінің 65 пайызын қамтамасыз етіп отыр
Астанада ШОБ нысандары барлық салық төлемдерінің 65 пайызын қамтамасыз етіп отыр
2014 жылы бұл көрсеткіш 420 миллиард теңгені құрады. Жалпы өңірлік өнімдегі оны үлесі 50 % құрады.
Елордада алғашқы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Онда бизнесмендерге «бір терезе қағидаты» бойынша тегін түрде ақпараттық және кеңестік қолдау қызметтері көрсетіледі. 2014 жылы өздеріне қажетті кеңестерді алған тұтынушылар саны 4,5 мың адамды құрады.
Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, кәсіпкерлікті дамытуда жуырда Әкімдік пен қалалық кәсіпкерлер палатасының ортақ жұмыс жүргізуге байланысты қол жеткізген уағдаластығы да зор үлесін қосады. Қол қойылған тиісті келісім бойынша: шағын және орта кәсіпкерлікке арналған көпсалалы өндіріс кешенін; өңірлік сауда орталығын құру; Астанада бизнестің даму картасын әзірлеу және өзге де шаралар қарастырылады. Ағымдағы жылдың 10 ақпанында елордадағы шағын және орта бизнес үшін бизнес-ортаны жақсарту және қаржылай қолдау көрсету бағытында тағы бір қадам жасалды. Жеке кәсіпкерлікті қаржыландыру бойынша кезекті Бағдарлама іске қосылды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге, «Даму» Қорынан 1 млрд. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылы Әкімдік тарапынан елордада сауда-саттықтың заманауи үлгілерін енгізу және қызмет көрсету сапасын әлемдік деңгейге жеткізу жұмыстары басталды. Бұл нені білдіреді?
Бүгінгі таңда Астанада жедел тамақтану және алғашқы қызмет көрсету нысандарының орналасу кестесі жасалып, соған сәйкес 300 орын белгіленіп алынды. Олар ашық байқау негізінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы бизнесмендерге жалға берілетін болады.
Болашақта жүйесіз сауда-саттықты болдырмас үшін қоғамдық тамақтану мекемелеріне арналған рұқсат құжаттарын беру механизмі жасалуда. Ұсқынсыз әрі санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін ескі сауда нысандары ыңғайлы әрі жеңіл конструкциялармен алмастырылады. Қалада қысы-жазы жылдам әрі дәмді тамақтануға, салқын немесе ыстық сусындар ішуге болатын жаңа павильондар пайда болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді