- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
БҚО-да «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Атап айтар болсақ, инфрақұрылымдық жобаларға - 2,2 млрд теңге, шағын несиелік және кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 1,0 млрд теңге, жұмысқа орналасуға көмектесуге 0,6 млрд теңге бөлінді.
Өткен жылы 10 640 жұмыс орны ашылды; 14 425 адам жұмысқа орналастырылды, олардың 7 314 «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша екі қолға бір күрек тапқандар.
Бұдан басқа, әкімнің ақпараты бойныша, жеке кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға 996,0 млн теңге бағытталды, 506 адам шағын несие алса, 388 адам өз ісін ашты. Сондай-ақ, 622 жаңа жұмыс орны құрылды.
Еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша оқытуға 1212 адам жіберілсе, 500 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерді.
Жыл басынан бері жұмыссыздық деңгейі 5,1-ден 4,9 пайызға дейін төмендеді. Облыс бойынша жұмыссыздар саны 16,4 мың адамды құрады. Күн көрістің төменгі деңгейінен табысы аз адамдар саны 3,5-тен 2,7 пайызға дейін кеміді.
Аймақ басшысы атап өткендей, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету шараларына көптеп көңіл бөлінуде. Барлығы өңірде 25,4 мың кембағал жан бар, олардың 4,7 мыңы жұмысқа орналастырылған.
Жалпы, жоспардан 1,8 есе артық немесе 765 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 205 мүгедек «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс тапты.
Ал, 25 жарымжан жанға шағын несие беріліп, оның 21 өз ісін ашты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері