- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Ресейдің ерекше экономикалық аймақтарын зерделеуде
Қазақстан Ресейдің ерекше экономикалық аймақтарын зерделеуде
Сапардың мақсаты-ерекше экономикалық аймақтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесін енгізу жөнінде тәжірибе алмасу, Қазақстан мен Дубна қаласындағы инновациялық аймақтарды дамыту. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай тұрақты жетілдіріп отыру мақсатында ресейліктермен қарым-қатынас орнатып, олардың мүмкіндіктерімен танысу да сапар барысындағы негізгі шаралардың бірі болды.
А.Айдаровтың айтуынша, Қазақстан үшін ерекше экономикалық аймақтарды басқару компанияларын құру мен оның толық инфрақұрылымын қалыптастыру тәжірибесімен алмасудың маңызы зор. «Қазіргі таңда біздің алдымызға ерекше экономикалық аймақтарды басқарудың бірыңғай үйлестіру орталығын құру мәселесі қойылып отыр. Бұл ретте біз ресейлік әріптестеріміздің осы бағыттағы тәжірибелерін терең зерттейтіндігімізді айтқым келеді. Осы мақсатта біз бүгін ресейліктермен ортақ келісімге келіп, екіжақты ынтымақтастықта жұмыс істеу жөніндегі меморанддумға қол қойдық»,-деді А.Айдаров.
Сапар барысында А.Айдаров Дубнада ерекше экономикалық аймақтардың қалай дамып жатқандығымен және оның ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ ол Қазақстан аймағындағы ерекше экономикалық аймақтарды қалай дамытуға болатындығын, ол үшін инвесторларға жер мен қуатты қалай бөліп беру қажеттігі жөніндегі жұмыстарды ресейліктердің тәжірибелері негізінде зерделеп қайтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері