- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты филиалының жаңа ғимараты ашылады
Астанада Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты филиалының жаңа ғимараты ашылады
Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты – 80 жылдық тарихы бар еліміздің бас офтальмологиялық орталығы. Институттың елордадағы филиалы 4 жылдан бері Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Астана қаласы тұрғындарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған офтальмологиялық көмекпен қамтамасыз етуде. Филиал шала туылған нәрестелердің көз ауруларын емдеуде және скрининг жүргізуде қалалық перинаталдық орталықпен ынтымақтаса жұмыс істейді.
Ауданы 3200 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа көшу офтальмологиялық емдеу-диагностикалау қызметтерін кеңейтуге, сондай-ақ, шел хирургиясы және көз жанарын түзету сияқты салаларда ең озық технологияларды ендіруге мүмкіндік береді. Астанадағы филиалға 400 млн. теңгенің заманауи қондырғылары сатып алынды.
Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты филиалының құрамына ересектер мен балалар бөлімі, күндізгі стационар, диагностикалық-консультативтік бөлім, лазерлік орталық, офтальмологтарды оқыту зертханасы кіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде 285 млн. адам көз ауруларына шалдыққан, олардың ішінде 39 млн. зағип жан бар. Қазақстанда көз аурулары бойынша 56 мың мүгедек тіркелген.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»