- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда құтқарушылары ардагерлерге жиі барады
Қызылорда құтқарушылары ардагерлерге жиі барады
Олардың бірі - Пинелопа Панатаевна Кафатриди 1927 жылы 17 қарашада Абхазияда шаруа отбасында дүниеге келген.
«Ұлы Отан соғысы басталғанда оған 14 жас болатын. Көптеген отбасыларды Қазақстанға әкелді. Осы уақыттан бастап оның өмірі мейірімді, бауырмал адамдар тұратын осы керемет қаламен байланысты болды», – деп айтады Пинелопа Панатаевна.
Әскери жылдары Кафатриди Пинелопа Панатаевна әскери – санитарлық поезда санитарлық нұсқаушысы болып жұмыс жасады. Теміржол құрамы бәрінен бұрын эвакуацияға және жаралылар мен ауруларға жауынгерлік әрекетте медициналық көмек көрсетуге арналған. Өз құрамында вагондар жәбірленушілерді емдеуге және шығаруға арналған арнайы құрылғылары болды, сондай –ақ, операция жасайтын бөлмесі, асханасы болды, деп хабарлады Қызылорда облысының ТЖК.
Жаралыларды майдан жанындағы аймақтан алып шықтық, біз бәрін жасадық және емдедік, тамақтандырдық, тылға жеткізіп тұрдық, - деп еске алады Пинелопа Панатаевна.
Сондай-ақ, санитарлық нұсқаушының жұмысы ауру әскери қызметкерлерді табу, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалау, медициналық өзара көмек көрсету ережелеріне үйрету, жеке құрам алғашқы медициналық көмектің жеке жабдықтарымен қамтамасыз етеді. Соғыс жылдарында осындай Пинелопа Панатаевна Кафатриди секілді әйелдер арқасында қаншама жаралылар өзінің денсаулығын түзеп алды.
Соғыс жылдарынан кейін де адамдарды құтқару мен көмектесу Пинелопа Панатаевнаға бүкіл өміріне ұласты. Өрт күзетінде диспетчер болып жұмыс жасап жүріп, тағдыр оны күйеуімен кезіктіріп, екі ұл сыйлады.
Кафатриди Пинелопа Панатаевна өзінің туыстары мен жақын адамдарының қуанышы үшін өмір сүреді, осындай еңбекқор, сыпайы, жаны сұлу әйел ешқашан да күйеуі өлгеннен кейін екі баланы жеткізу қиын болды деп айтқан емес. Ол жас жұмысшылармен кездесіп, әңгіме айтқанды, өзінің еске алуларымен бөлісуді ұнатады, Полина Панаятовна «өзіңнің мамандығыңды сүю керек, бағалау керек» дейді.
Қызылорда облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ұжымы Пинелопа Панатаевна Кафатридидің хал-жайын біліп тұрады. Мәселен, Қызылорда облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы» ММ басшылығы тылдың еңбекші әйелі Пинелопа Панатаевна Кафатридидің жағдайын біліп Жеңіс күнінің 70 жылдығымен құттықтауға келді.
-
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
«ASHYQ» қосымшасы: Пилоттық жобаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар -
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады» -
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады -
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады -
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері -
Мұғалімнің жұмысы жыл сайын қиындап барады, жалақының көтерілуі құптарлық іс – сарапшы -
Тоқаев: Қазақстандық делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады -
Бас санитар дәрігер карантин талаптары жиі бұзылатын аймақтарды атады -
Коронавирус жұқтырғандардың саны неліктен өсіп барады -
Қызылорда облысында 6400 тұрғын үй салынады -
Волонтерлар ардагерлерге көмек көрсетуде
-
Биыл Қызылорда өңірінде 88,2 мың гектарға күріш егіледі