- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісім құқықтық ынтымақтастықты дамытуға айрықша серпін береді – Дауылбаев
Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісім құқықтық ынтымақтастықты дамытуға айрықша серпін береді – Дауылбаев
Бас прокуратура хабарлағандай, АҚШ Мемлекеттік хатшысының кеңесшісімен өткізілген келіссөз барысында Қазақстанның Бас Прокуроры қазақстандық прокуратураның заңдылық пен құқықтық тәртіпті, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндады.
Сонымен қатар, Қазақстан Бас прокуратурасының американдық құзырлы органдармен өзара ынтымақтастық қағидасы негізінде қылмысқа қарсы әрекет ету, қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді ұстап беру саласындағы белсенді жұмыстары атап өтілді.
«Сұхбаттасушылар қазіргі әлемнің жаһандық қауіп-қатерлеріне қарсы тұру мақсатындағы екі ел арасындағы өзара ықпалдастықты бұдан әрі жалғастыруға қатысты пікір алмасты. Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, адам құқықтарын қорғау салаларындағы өзара әрекеттестікке байланысты мәселелер қарастырылып, сондай-ақ экстремизмге қарсы күресте ортақ шешімдер және бірлескен шаралар әзірлеуге бірегей мүмкіндік туғызады деп күтіліп отырған алда өтетін Саммит жұмысы туралы да сөз қозғалды», - делінген хабарламада.
Шарттық-құқықтық негізді кеңейту және нығайту мәселесі сұхбаттың дербес тақырыбына айналды. Қол қоюға дайындаудың ең соңғы кезеңін өткеріп жатқан Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы екі ел арасындағы шартты жасасу Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының құқықтық ынтымақтастығын дамытуда айрықша серпін беретінін тараптар атап айтты.
Есірткімен күрес жөніндегі басқарма директорымен болған кездесу барысында есірткі саудасына қарсы күрестегі екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, есірткі транзиті мен жеткізу жолдарын анықтау жөніндегі бірлескен іс-шаралардың нәтижелері атап өтілді.
А.Дауылбаев Нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес жөніндегі салалық бағдарламаны іске асыру аясында заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекет ету бойынша елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді, сонымен қатар Қазақстанның құқық қорғау және арнайы қызметі қызметкерлері үшін Квантико қаласында орналасқан Есірткімен күрес жөніндегі басқарма академиясында оқу семинарлары мен тренингтерін өткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сұхбаттасушылар трансұлттық есірткі бизнесіне қарсы тұру бойынша одан әрі күш жұмылдыруға, сондай-ақ осы салада жедел ақпарат, тәжірибе және заңнама алмасуға дайын екендіктерін баса айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары