БҚО-да 2 үй құрылысы комбинаты пайдаланылуға берілді

19 Ақпан, 2015 10:36
Батыс Қазақстан облысында құрылыс индустриясында жоғары көрсеткіштерге - 129,7 пайызға қол жеткізілді.

БҚО-ның ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, құрылыс материалдарын өндіретін өндіріс ошағының жанынан қуаттылығы 40  және 50 мың кв м   2 үй құрылысы  комбинаты ашылды. Олар «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады.

Аталып өткендей, көлемі 20,6 мың шаршы метр үш көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды және Оралда жалпы көлемі 20,2 мың шаршы метр екі үйдің құрылысы жүруде.

Сонымен қатар, автоклавты ұялы құрылымды бетонды өндіру цехы іске қосылды. 

Барлық жаңалықтар