• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның 3 қаласында мембағдарламаның ҚИК бағыты бойынша баспана құрылысы басталды

Қазақстанның 3 қаласында мембағдарламаның ҚИК бағыты бойынша баспана құрылысы басталды

4 Қазан, 2013 10:47
«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша Қазақстандық ипотекалық компанияның бағыты бойынша Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында тұрғын үйлердің құрылысы басталды, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының «Алғабас»  ауданында 4-ші тапты 8 тоғызқабатты баспананың құрылысы басталды. Қолданысқа 6 мың шаршы метрді құрайтын 108 пәтер енгізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда бетон құру  жұмыстары 2 қабат бойында жүргізілуде.Құрылыс 2014 жылдың 1-ші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлануда.  

Қарағанды қаласында да 12,14,15 шағын аудандарында 3 бесқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жалпы қолданысқа 20 мың шаршы метрді құрайтын 325 пәтер берілу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда іргетас қалануда.

Айта кетерлігі, Шымкент қаласынының «Нұрсәт» ауданында 8 тоғызқабаттық  тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Ол 56 мың шаршы метрді құрайтын 1080 пәтермен қамтамасыз етпек. Құрылыс 2014 жылдың екінші жартысында аяқталады деп жоспарлануда.

 

Барлық жаңалықтар