• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада 108 км жолды салу және қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда – Жақсыбеков

Астанада 108 км жолды салу және қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда – Жақсыбеков

19 Ақпан, 2015 08:49
Астанада 108 км жолды салу және қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда, деп мәлімдеді Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков жергілікті халықпен есепті кездесуде.

«Жол жөндеу және жол салу мәселелеріне келетін болса, жұмыстың сапасы басты назарға алынады. Бүгінгі таңда қалада 950-дей көше бар, олардың жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асады», - деп атап өтті шаһар басшысы.

Астанада  үнемі кептелістер болып тұратын 18 жол бөлігі бар.  Бұл мәселе барша астаналықтарды алаңдатады. Сондықтан жағдайды ушықтырмас үшін, Әкімдік, биыл бірқатар шараларды қолға алмақ.

Атап айтқанда: 108 шақырым жолды салу мен қайта құру; олардың қатарында 30 көше мен 11 тұрғын үй алабындағы 24 шақырым жол бар; 21 шақырым жолды жөндеу; Республика даңғылы бойындағы «Талисман» дүкені алдындағы ең белсенді қозғалыс аумағында жерасты жаяу жүргіншілер жолын салу; сондай-ақ жедел автобустар желісін жасақтау.

Барлық жаңалықтар