• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында 2014 жылы 22 медицина мекемесі пайдалануға берілді - А.Баталов

Алматы облысында 2014 жылы 22 медицина мекемесі пайдалануға берілді - А.Баталов

19 Ақпан, 2015 08:34
«Алматы облысында «350 дәрігерлік амбулатория» бағдарламасының аясында 36 медициналық мекеме пайдалануға берілді. Оның 22-і алдындағы жылы салынды»,-деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғындармен болған есепті кездесуі барысында.

Облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 70,2 миллиард теңгені құрады. «Бұған қоса келесі жылдан бастап облыс тұрғындары сапалы медициналық қызметті жаңа мекемелерде алатын болады. Мысалы Талдықорған қаласында қалалық 300 орындық көпсалалы клиника ашылады. Ал, Көксу ауданына қарасты Балпық би ауылында тәулігіне 250 адам қабылдай алатын емхана іске қосылады,-деді облыс әкімі .

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Алматы облысында 935 денсаулық сақтау мекемесі бар. 

 

Барлық жаңалықтар