2020 жылға дейін Алматы облысында 245 балабақша ашылады

18 Ақпан, 2015 19:47
Бүгінгі таңда Алматы облысында 752 күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 283 балабақша мен 67 колледж, 3 ЖОО жұмыс істеуде, деп хабарлады Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғындармен есепті кездесуінде.

Сондай-ақ, 2020 жылға дейін 245 жаңа  балабақша ашу жоспарланған, бұл шара мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту мақсатында жасалып отыр. Оған қоса, 133 балабақша жеке инвестицияның тартылуымен жүзеге асырылады.

«Білім беру саласындағы негізгі міндеттердің бірі апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шщешу болып табылады. Осы мақсатпен 51 мектеп салу жоспарлануда, оның 33-і Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылады. Қаржы Ұлттық қордан бөлінеді», - деді А.Баталов.

 

Барлық жаңалықтар