• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері жанар-жағармайды бұрынғыдай жеңілдетілген бағамен алады

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері жанар-жағармайды бұрынғыдай жеңілдетілген бағамен алады

18 Ақпан, 2015 16:45
Еліміздің ауыл шаруашылығы саласының өкілдері көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін кездерінде бұрынғыдай жеңілдетілген бағамен берілетін жанар-жағармайды пайдаланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаты Ромин Мадинов мәлім етті.

«Бүгін біз Энергетика министрінің бірінші орынбасарымен жолығып, осы мәселені талқыладық. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері үшін жанар-жағармайды арзандатылған бағамен беретін болып келістік», - деді депутат.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстан Үкіметі ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлеріне жанар-жағар майды көктемгі егін егу мен күзгі жиын терін кезінде арзандатылған бағамен беріп келген.  

Индира Қауметова  

Барлық жаңалықтар