- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери ұшқыштар әуеде штаттан тыс пайда болған жағдайды жедел шешу біліктіліктерін жаттықтырды (Фото)
Әскери ұшқыштар әуеде штаттан тыс пайда болған жағдайды жедел шешу біліктіліктерін жаттықтырды (Фото)
Жиынға авиация базасының, комендатура мен авиация дәлдеу пункттерінің 36 офицері қатысты.
«Ұшу қауіпсіздігі тікелей әуе кемесін тиімді басқаруға байланысты», - деді жиын жетекшісі, ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК ҚБ ұшу қауіпсіздігі бөлімінің бастығы полковник Қайрат Бузумов.
Курсқа қатысушылар әуе кеңістігінде штаттан тыс пайда болған жағдайларды жедел әрі сауатты шешу біліктіліктерін жаттықтырды. Жиын аяқталған соң жас мамандар әуе қозғалысымен басқаруға рұқсат сертификаттарын қолдарына алады.
Ұшулар басшылық тобы – ұшудың барлық кезеңінде, жерден көтерілгеннен бастап жерге қонғанға дейін, әуе кеңістігіндегі кемелерді басқаруға міндетті тұлғалар. Сонымен қатар, олар экипажды ұшуға әсерін тигізетін ауа-райы туралы ақпарат беруге және әуе мен жердегі жағдай туралы мағлұмат беруге міндетті. Ұшулар басшылығы авиациялық қызметтің бір түрі ретінде авиациядан кейін пайда болғанын айта кеткен жөн.
Ұзақ уақыттар бойы ұшқыштар әуеде өз еріктерімен әрекет ететін, ұшулар басшылығы деген ұғым болмаған. Радиобайланысының жоқшылығы себебінен ұшулар басшылығы қызметі тек ұйымдастырушылық міндеттермен ғана шектелген. Ұшулар басшылығында айтарлықтай өзгерістер өткен ғасырдың 40-шы жылдары ұшақтар мен басқару пункттерін радиобайланыс құралдарымен жабдықтау түрінде болды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады