• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р. Мадинов: Cубсидияны көп бөлген сайын ауыл шаруашылығының тауары да арта түседі

Р. Мадинов: Cубсидияны көп бөлген сайын ауыл шаруашылығының тауары да арта түседі

18 Ақпан, 2015 16:34
Cубсидияны көп бөлген сайын ауыл шаруашылығы тауары да арта түседі, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі аграрлық мәселелер бойынша комитеттің төрағасы Ромин Мадинов ОКҚ-да өткен брифингінде.

«Субсидия мәселесі қашан болмасын даулы болып келеді. Бүгінгі таңда еуразиялық кеңістікте  Белоруссия шамамен жалпы ауыл жашуашылығы өнімінің 16-17% субсидиялайды, ал Ресей - 11%, тек біз ғана  4% субсидиялаймыз. Еуропа одағын алатын болсақ онда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің шамамен 25-30 %  субсидияланады», - деп толықтырды ол.

Мадинов атап өткендей, бірінші кезекте субсидиялау бәсекелестік тұрғысында, ауа райының әртүрлілігіне байланысты қажет, яғни біздің тауар өндірушілеріміз шетелдік әріптестерінен кем түспеуі керек. «Бұдан құтылуға болмайды, егер біз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енгіміз келсе субсидияны көптеп беруіміз қажет, онда субсидия қазіргіденде көп. Cубсидияны көп бөлген сайын ауыл шаруашылығы тауары да арта түседі», - деп жалғастырды ол.

Бұдан басқа, Р.Мадинов түсіндіріп өткендей, субсидия ол шындық және ол қазақстандық шаруалар нашар жұмыс істейді дегенді берілмейді. «Біз өзіндік құны бойынша өзгелерден айырмашылығымыз жоқ, тіпті сапа бойынша кейжерлерде артықпыз, алайда егер біздің шетелдік бәсекелетерімізді мемлекеттері субсидиялайтын болса, бізде олардан қалмауымыз керек, біз олармен бірдей деңгейде субсидия бөлуге міндеттіміз. Жалпы біз ауыл шаруашылығын дамытқымыз келсе, біз көбірек субсидиялауымыз керек», - деп түйді Комитет төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы кеңейтілген отырыста бүгінгі әлемдік экономикада ауыл шарушылығы тауарын қайта өңдеуге және тамақ өндірісіне басымдылық берілгенін ескертті.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар