- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық музейі «Тарихи фотосуреттер» республикалық фотобайқауын жариялады
ҚР Ұлттық музейі «Тарихи фотосуреттер» республикалық фотобайқауын жариялады
18 Ақпан, 2015 20:19
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Тарихи фотосуреттер» республикалық фотобайқауын жариялайды. Байқау Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр.
Ұлттық музей хабарлағандай, байқаудың мақсаты – қазақ тарихының аса маңызды оқиғаларына қоғам назарын аудару, осы арқылы жас ұрпақтың туған елінің болашағы мен төл тарихына деген құрметін арттыру.
Фотобайқау 2015 жылғы 18-ақпаннан 30-қазанға дейін жүргізіледі, ал жеңімпаздарды марапаттау 2015 жылғы 20-қарашада өтеді. Байқау жүлдесі – 1-орын 200 мың теңге (оған қоса, 1-орын иегерінің фотоларынан Ұлттық музейде жеке фотокөрмесі ұйымдастырылады), 2-орын 200 мың теңге, 3-орын 100 мың теңге.
Байқау қорытындысына сәйкес Ұлттық музейде тарихымыздағы атаулы даталардың фотоқұжаттар мұрағаты жасалатын болады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы