- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екенін, оған еліміздің 2010 жылы аталған Ұйымға төрағалық етуі айқын дәлел болатынын атап өтті.
Алдағы жылдары Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы қызметінің басым бағыттарының бірі «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» деп аталатын Астана декларациясында белгіленген Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын құру жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу болып табылады.
Сонымен қатар, тараптар әлеуметтік-гуманитарлық дамудың, сот үстемдігін және адам құқығын қамтамасыз етудің, этносаралық қарым-қатынасты үндестірудің, гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің бірқатар мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың жай-күйі мен келешегін талқылады.
Г.Әбдіқалықова Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламасының Офисі өз жұмысында Қазақстанның мүдделелері ескерілген ынтымақтастықтың басым салаларына назар аударудың маңыздылығына тоқталды.
Мемлекеттік хатшы ЕҚҰЫ Тұрақты Кеңесінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы Вена отырысында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанадағы ЕҚЫҰ орталығын Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламасының Офисі болып қайта құрылатыны туралы №1153 шешімі қабылданды.
ЕҚЫҰ бағдарламасы Офисінің мандаты Қазақстанда орталық және жергілікті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен өзара іс-қимылда қауіпсіздіктің үш өлшемімен (әскери-саяси, экономикалық-экологиялық, гуманитарлық) түрлі жобаларды өткізуді қарастырады.
Атап айтсақ, Офистің қызмет аясына қарулануға бақылауды, шекараларды басқару, лаңкестікке және адам саудасына, қаруға және есірткіге қарсы күресті қоса есептегенде қауіпсіздік, сондай-ақ экономика-экологиялық мәселелер, адам құқығы және сот үстемдігі, құқық және БАҚ еркіндігі мәселелері енеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы