Қызылорда облысында балық экспортының көлемі 14 пайызға артты – әкім

18 Ақпан, 2015 17:36
Соңғы бір жылдың ішінде экспорт көлемі 14 пайызға артқан.Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындардың алдында берген есебінде.

Былтыр 6,7 мың тонна балық ауланды. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда үш есеге артық. Балық өңдейтін 8 зауыт жұмыс істейді. Олар жылына 11 мың тонна балық өңдей алады.

«Барлығы да соңғы технологиялармен жабдықталып, халықаралық талаптарға жауап береді. Өнімдері жақын және алыс шет елдерге экспортталады. Аралда ауланған балық Еуропа нарығында сатылып жатыр», - деді ол.

Соңғы үш жыл ішінде денсаулық сақтау саласының қажетіне облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы 2 есеге көбейді. Денсаулық сақтау саласының осы аралықтағы жалпы бюджеті 94,1 миллиард теңге құрады. Мұның барлығы медициналық қызметтің сапасын көтеріп, оның қолжетімділігін арттыру үшін жасалды.

«Екі жыл ішінде атқарылған кешенді жұмыстың нәтижесінде біз денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштер бойынша біраз алға жылжыдық. Біріншіден, сәбилердің шетінеуі 34,7 пайызға азайды. Сол сияқты, ана өлімі де 2013 жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарды», - деді Қ.Көшербаев.

 

Барлық жаңалықтар