- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Көшербаев: Қызылордада соңғы екі жылда 21 мыңнан астам жұмыс орны ашылды (Фото)
Қ.Көшербаев: Қызылордада соңғы екі жылда 21 мыңнан астам жұмыс орны ашылды (Фото)
«Тек жұмысы тұрақты, жалақысын ай сайын алатын адам ғана болашағына сенімді болады. Сондықтан бұл өте маңызды мәселе деп білеміз. Бар жұмыс орындарын сақтау, жаңасын ашу – қашан да біздің ең негізгі шаруамыз», - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Облыстың 2013-2014-ші жылдардағы бюджетті қосымша 44 миллиард теңгеге ұлғайды. Бұл қаражат аймақ үшін аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсалды.
Қызылорда облысы адам басына шаққандағы шығыс көлемі бойынша 2014 жылы Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысынан кейінгі 4-орынға көтерілді. Ал әлеуметтік шығындардың үлесі бойынша бірінші орында тұр. Біз жалпы бюджеттік шығындардың 60 пайызға жуығын әлеуметтік салаға берілген.
«Мәселен, білім беруді қаржыландыру 2014 жылы 2012-мен салыстырғанда 1,8 миллиард теңгеге, денсаулық сақтау саласы 1 миллиард теңгеге артқан. Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау саласына бөлінетін қаржы 2,8 есеге, мәдениет пен спортқа 40 пайыздан артық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 2,3 есеге көбейген. Мұның барлығы ағымдағы шығындар емес. Құрылыс жұмыстарына, күрделі жөндеуге, жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалған, дамуға бөлінген қаржылар», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша 93 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 53-і аяқталып, пайдалануға берілді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді