• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Мәжілісі Ресеймен мұнай өнімдерін жеткізу келісіміне енген өзгерістерді мақұлдады

ҚР Мәжілісі Ресеймен мұнай өнімдерін жеткізу келісіміне енген өзгерістерді мақұлдады

18 Ақпан, 2015 12:53
Бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде депутаттар «2010 жылғы 9 желтоқсандағы ҚР үкiметi мен РФ үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнiмдерiн жеткiзу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

«Екiжақты келiсiм шарттарды жүзеге асыру мерзімі аяқталуына байланысты, сонымен бiрге Еуразиялық экономикалық кеңестiң келiсiмшартын орындау мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн мұнай және мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын қалыптастыру концепциясы бекiтіліп, әзiрленеді және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейiн ЕАЭО мұнай және мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығында бағдарлама жасау қарастырылған, тараптар 2024 жылғы 1 қаңтарға дейiн бағдарламадағы барлық iс-шараларды iске асыруы қажет. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ЕАЭО мұнай және мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын құру туралы халықаралық келiсiмшарт жасау көзделген», - дедi өз баяндамасында ҚР Энергетика вице-министрi Ұзақбай Қарабалин. 

Ұ.Қарабалин атап өткендей,  ЕАЭО келiсiмшарттары ескеріле келе, ҚР және РФ арасында мұнай өнiмдерiн жеткiзу осы қолданыстағы ҚР және РФ арасындағы келiсiммен реттелген болатын.

2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған хаттамаға сәйкес, қолданыстағы келiсіммен жүзеге асыру мерзiмi 2019 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартылатын болып отыр.

«Осы мерзiм аяқталғаннан кейiн, егер келiсiмнiң бастапқы қолданылу мерзiмi бiтерден кемiнде 6 ай бұрын тараптардың ешқайсысы оны тоқтату туралы ниетiн екiншi тарапқса жазбаша түрде хабардар етпесе, хаттама автоматты түрде бес жылға ұзартылады, яғни 2024 жылдың 1 қаңтарына дейiн. Жоғарыда аталғанды ескере отырып, Сiздердiң қарауларыңызға ұсынылған хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қолдауларыңызды сұраймыз», - деді ол.

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар