• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚазАгро» холдингінің көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі 97 миллиард теңгені құрайды

«ҚазАгро» холдингінің көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі 97 миллиард теңгені құрайды

18 Ақпан, 2015 12:31
«ҚазАгро» холдингінің еліміздің көктемгі-дала жұмыстары мен егін жинау науқанына дайындық жұмыстарына бөлетін қаржы көлемі 97 миллиард теңгені құрап отыр. Оның 60 миллион теңгесі бюджет несиесі есебінен жүзеге асырылатын болады, дейді «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Мақажанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау науқанына қажетті техникаларды сатып алу шараларын қаржыландыру үшін 37 миллиард теңге бөлінеді. Осылайша, көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау науқанына бөлінетін қаржының жалпы сомасы 97 миллиард теңгені құрайды. Оның 60 миллиард теңгесі бюджет есебінен несиелендірудің есебінен алынады», - деді Д.Мақажанов.

  Айта кететін мәселе  аталған сома қаржы институттары (екінші деңгейлі банктер) мен агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау шараларын жүзеге асыратын екі оператордың займдары ретінде бөлінді. Нақтырақ айтқанда «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» - 17,65 миллиард теңге бөлсе, «Аграрлық несие корпорациясы» -7,5 теңге және екінші деңгейлі банктер 34,85 миллиард теңге бөлді. 

Индира Қауметова 

 

 

Барлық жаңалықтар