Мәскеуде ЕО мен ЕАЭО қарым-қатынасының мүмкіндіктері талқыланды

18 Ақпан, 2015 15:34
Мәскеуде ЕЭК Коллегиясының төрағасы Виктор Христенко РФ-дағы Франция елшісі Жан-Морис Рипермен кездесіп, Еуропа одағы мен Еуразиялық экономикалық одақтың өзара қарым-қатынас мүмкіндіктерін талқылады.

ЕЭК Коллегиясының төрағасы атап өткендей,  ЕАЭО дамуы мүше мемлекеттердің экономикасы  арасында интеграцияның тереңдеуіне, жаңа мемлекеттердің қосылуына үлкен мүмкіндіктердің есігін ашады. «Еуропа одағы баяғыша Еуразиялық экономикалық одақтың стратегиялық маңызы жоғары серіктесі ретінде қала бермек», - деді В.Христенко.

Аталып өткендей, ЕЭК Коллегиясының төрағасы ЕАЭО-ның  үшінші мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы туралы айтып берді. Атап айтар болсақ,ол  ЕАЭО мен Вьетнам арасында ЕСА құру және ЕАЭО-ның ЕЕСА, Үндістан, Мысыр Израильмен келіссөз өткізуіне кеңінен тоқталды.

Оның пайымынша, ЕО пен ЕАЭО арасында экономикалық ынтымақтастықтың жүйесін құру Лиссабоннан Владивостокқа дейін ортақ экономикалық кеңістік құру сияқты  баяғыша маңызды.

«Өз кезегінде Жан-Морис Рипер бірлестіктер арасында диалогтың дамуына деген қызығушылығын білдірді», - делінген хабарламада.

 

 

Барлық жаңалықтар