• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астана қаласының мемлекеттік бюджетіне құйылған қаржы 764 млрд теңгені құрады – әкім

Астана қаласының мемлекеттік бюджетіне құйылған қаржы 764 млрд теңгені құрады – әкім

18 Ақпан, 2015 14:36
2014 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке құйылған қаржы көлемі 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 % артып, 764 миллиард теңгені құрады, деді қала әкімі халық алдында берген есебінде.

Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков айтқандай, қалалық бюджеттің түсімі 16 % ұлғайып, 164,3 миллиард теңгені құраған.

Экономиканың тиімді және сапалы өсімінің арқасында Астана өз тарихында тұңғыш рет өзін-өзі қамтамасыз ететін деңгейге жетті.

«Нұрсұлтан Әбішұлы елорда өімірінің барлық салаларының дамуын күнделікті жіті қадағалап отырады. Қай жағынан алып қарасақ та, осыншама аз уақыт ішінде Астанада түбегейлі оң өзгерістер орын алды. Біздер мен сіздер бұған куә болдық, оған қатыстық», - деді Ә. Жақсыбеков.

 

 

Барлық жаңалықтар