Д. Мақажанов: ҚазАгро АӨК-ні қаржыландыру көлемін азайтпайды

18 Ақпан, 2015 12:11
2015 жылы «ҚазАгро» Холдингі агроөндірістік кешенді қаржыландыру көлемін азайтпайды, деді ОКҚ брифингінде «ҚазАгро» АҚ төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Мақажанов.

«Осы жылы капитал нарығында туындаған жағдайларға орай біздің мақсатымыз агроөндірістік кешенді қаржыландырудың көлемін азайтпау», - деді Д.Мақажанов.

Д.Мақажанов өткен жылы аталмыш сала 222 млрд теңгеге қаржыланғанын айтты.

Сондай-ақ, баспасөз конференциясы аясында Д.Мақажанов «ҚазАгроның» инвестициялық портфелі  309 млрд теңгені құрайтын 477 жобадан тұратынын айтты. Оның ішінде 365-і пайдалануға берілді. Толық қуатылыққа 236 жоба яғни 70 пайыз шықты.

Біз одан әрі ұзақмерзімді инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастырамыз, АӨК өнімдерінің шығарылымын ұлғайып, жаңа жұмыс орындары пайда болады», - деді ол.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар