- Басты
- Жаңалықтар
- Республикалық әйелдер кеңесі ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдайды
Республикалық әйелдер кеңесі ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдайды
«Биылғы жылдың 14-ші ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөнінде бастама көтерді. Аталмыш бастаманың жоғары мемлекеттік маңыздылығын сезіне отырып, республикалық әйелдер кеңесінің өкілдері оны толық қолдайды»,-деді Н.Каюпова.
Қоғамдық бірлестік басшысы бұл ретте өзі басқарып отырған ұйым өкілдерінің Қазақстанның қандай болмасын қиындықтар мен сынақтарға дайын екендігін айқын сезініп отырғандығын айтты. «Бүгінде бізде кез-келген қауіп-қатерге төтеп бере алатындай қуат пен қауіпсіздігімізге кепіл болатын жәйттер жеткілікті. Мемлекет басшысы нақты іске негізделген «Нұрлы Жол» бағдарламасын ұсынып отыр. Яғни мемлекет негізгі күшті, қаржыны бизнесті қолдау мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге, қаржы секторын сауықтыруға бағыттап отыр»,-деп жалғады сөзін төрайым.
Сонымен қатар сол сөзінде инфрақұрылым нысандарын салу жаңа жұмыс орындарының ашылып, мемлекеттің қоғам алдындағы әлеуметтік міндеттемелері толығымен орындалатындығын атап өтті. «Осы игіліктің барлығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы. Мұндай қиын жағдайда еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі тек Елбасы алға қойып отырған бастамалар ғана бола алады»,-деді Н.Каюпова.
Сөзінің соңында ол Республикалық әйелдер кеңесінің атынан еліміздің Қазақстанның патриотымын деген азаматтарын осындай қиын-қыстау, күрделі кезеңде ел болашағы үшін бірге болуға шақырды.
Индира Қауметова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды