Астанада 2014 жылы 93,1 шаршы метрді құрайтын 2 мыңға жуық пәтер салынды

18 Ақпан, 2015 12:06
Астанада өткен жылы 93,1 мың шаршы метр баспана немесе 1 881 пәтер тапсырылды. Бұл туралы қала әкімі Әділбек Жақсыбеков тұрғындар алдында берген есебінде айтты.

«Қолжетімді баспана – 2020» Бағдарламасы аясында 140,1 мың шаршы метрді құрайтын 2 778 пәтер пайдалануға берілді. Бұл ретте өткен жылы 93,1 мың шаршы метр баспана немесе 1 881 пәтер тапсырылды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша Астанада баспанаға мұқтаж азаматтардың тізімінде 35 мыңнан астам адам тұр.

2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру аясында бүгінде жалпы аумағы 288,6 шаршы метрді құрайтын 6 282 пәтердің құрылыс аяқталды.

Аталған жұмыстармен қатар, қалада апатты үйлерді сүру бағдарламасы жүзеге асуда. Пилоттық жоба қолға алынған екі жыл ішінде  92 мың шаршы метр немесе 1 502 пәтерден тұратын 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардағы жалпы аумағы 33 мың шаршы метрді құрайтын  652 пәтер – 42 апатты үйдің тұрғындарына арналған.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар