Алматы облысында биыл 500 мың тонна жүгері жинау жоспарлануда

18 Ақпан, 2015 19:22
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есепті кездесуі өтті, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.

Жиын барысында Алматы облысының әкімі А.Баталов өткен жылы ҮИИД аясында жаңғыртылған Панфилов ауданындағы крахмал өндіретін зауытқа жаңа құрылғылар алу үшін  328 миллион теңгеге қомақты қаржылай көмек көрсетілгендігін атап өтті.

Бұған қоса өткен жылы жүгері өндірушілермен бірнеше мәрте ккездесу ұйымдастырылып, ет пен сүт өндіретін және құс өсірушілерді қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 500 мың тонна жүгері жинау көзделіп отыр. 

«Қазіргі таңда бұған қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Шаруалардың сапалы тұқымдар алуы және көктемгі егін егу жұмыстарына дайындалуларына мүмкіндік жасау үшін субсидия берілуде. Алдын ала уәде етілгендей Панфилов ауданында бірнеше бидай қабылдайтын бекеттер де орнатылады»,- деді облыс әкімі.

 

Барлық жаңалықтар