• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс халықаралық әуе тасымалдары ережесін үндестіру бойынша келісімді ратификациялады

Мәжіліс халықаралық әуе тасымалдары ережесін үндестіру бойынша келісімді ратификациялады

18 Ақпан, 2015 11:19
Қазақстан Парламенті Мәжілісі «Халықаралық әуе тасымалдары ережесін үндестіру бойынша келісімді ратификациялау туралы» ҚР-ның заң жобасын мақұлдады.

«Келісім нормаларына сәйкес әуетасымалдаушы келтірілген залал үшін жауап береді. Мәселен, адам өлімі орын алғанда немесе жарақаттанғанда. Алайда,  ол бұл жауапкершілікті залал әуе кемесінің бортында келтерілген жағдайда ғана өз мойнына алады», - делінген салалық комитеттің қорытындысында.

1999 жылы 28 мамырда Монреалда түзілген Халықаралық әуе тасымалдары ережесін үндестіру бойынша келісімнің мақсаты халықаралық талаптарды азаматық авиация саласына енгізу.

«Келісімнің 19 бабына сәйкес әуетасымалдаушы  әуе тасымалы барысында жүкті күттіру жағдайындада жауапкершілікке тартылады. Алайда ол бұл олқылықтың орнын алу үшін қызметкерлерімен барлық жағдайды жасағанын немесе ешқанда шара қолдануға мүмкіндік болмағанын дәлелдесе ешқандай жауапкершілікке тартылмайды», - делінген қорытындыда.

Бұдан басқа, әуе тасымалдаушы жүк жойылғанда, жоғалғанда немесе тіркеу барысында жүкке залал келітірілген жағдайда да жауапқа тартылады.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар