• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс депутаттары Президенттен кезектен тыс сайлауды өткізу мерзімін бекітуді сұрады

Мәжіліс депутаттары Президенттен кезектен тыс сайлауды өткізу мерзімін бекітуді сұрады

18 Ақпан, 2015 11:16
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Президент Н.Назарбаевтан кезектен тыс сайлауды өткізу мерзімін бекітуді сұрады.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, ҚХА кеңесінің мүшелері президенттік сайлауды кезектен тыс өткізу бастамасын ұсынды. Елдің барлық өңірлеріндегі сайлаушылардан Парламентке осы сынды ұсыныстар келіп түсті», - деді Қ.Жақыпов.

Қ.Жақыпов атап өткендей,  жалпыхалықтық бастаманы депутаттық корпус қолдап отыр, себебi барлық қоғамның күшi әлемдiк дағдарыс қауiп-қатерлерi елiмiздiң даму әлеуетiнiң жаңа мүмкiндiктерiне айналдыруға салынуы тиiс. Парламент депуттаттары сайлаудың қазақстандық мемлекеттiлiктiң нығаюы жолындағы маңызды стратегиялық кезең болатынына сенiмдi екендіктерін жеткізді.

«Конституция нормасына сәйкес бiз, депутаттар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесiнiң кезектен тыс президенттiк сайлауды өткiзу ұсынысын қолдау өтiнiшiмен шығуымыз қажет», - деген төменгi палата спикерi депутаттар атынан Елбасына жолданған үндеуiн оқып бердi.

Кезектен тыс президенттiк сайлауды өткiзудiң әлемде орын алып жатқан саяси жағдайлар шарттарында да маңыздылығын атап өттi.«Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, ҚХА кеңесiнiң ұсынысын қолдауды өтінемiз және республика Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес кезектен тыс президент сайлауын өткiзудi белгiлеудi қарастыруды сұраймыз», - деді Қ.Жақыпов.

Камила Амирова 

 

Барлық жаңалықтар