- Басты
- Жаңалықтар
- «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуында компьютерлік бағдарламалар пайдаланылатын болады
«Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуында компьютерлік бағдарламалар пайдаланылатын болады
«Дала қыраны» оқу-жаттығуының бірінші кезеңі «Қазбат» бітімгершілік батальонының бейбітшілікті қолдау бойынша көпбейінді операцияларында сәйкес көпұлтты күштер құрамында бірлескен басшылықпен берілген міндеттерді атқара алу қабілеттіліктерін тексеруге бағытталған.
«Дала қыраны-2015» оқу-жатығуының екінші кезеңі «Іле» оқу-жаттығу орталығының базасында өтеді. Онда бітімгершілік бөлімшелер штабтарының командалық-штабтық жаттығулар түріндегі даярлығы жоспарланған. Командалық-штабтық компьютерлік-симуляциялық оқу-жаттығулары JCATs бағдарламасын пайдаланумен жүзеге асырылады.
Аталмыш бағдарлама моторесурс пен оқ-дәрілердің шығынысыз бөлімшелерді ұйымдастыру, басқару және қолдану жұмыстарын орындауға және де жоспарланған операцияларды компьютерде жүргізуге көмектеседі. Қазақстан тарапы биыл «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының барлық жеке құрамы мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері «Қазбриг» қазақстандық бітімгершілік бригадасының штабын жұмылдыруды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетсек, «Дала қыраны» оқу-жаттығуы «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының бейбітшілікті қолдау бойынша көпбейінді операцияларына сәйкес көпұлтты күштер құрамында бірлескен басшылықпен берілген міндеттерді атқара алу қабілеттіліктерін тексеруге бағытталған. Аталмыш оқу-жаттығу 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын оқуға 1500-ден астам адам, шетелдік әскери өкілдер, НАТО түрлі штабтарының сарапшылары мен Қазақстанда тіркелген әскери дипломатиялық корпус қатысып келеді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
ЖОО-дағы өзгеріс: Жеке үлгідегі диплом, білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды