- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы 18 млн теңгенің қондырғысына ие болды
Алматыда Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы 18 млн теңгенің қондырғысына ие болды
Құны 18 100 000 теңге тұратын жабдық Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қорының жеке қаржысына сатып алынды.
«Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы – бұл жетекші республикалық мекеме, оның медициналық және ғылыми қызметкерлер құрамы босанатын әйелдерге жәрдем көрсетумен, сондай-ақ, өте шала туылған сәбилерді күтумен байланысты ең ауыр жағдайлармен айналысады. Осы жабдықты тапсыра отырып, біз жабдық Орталық дәрігерлеріне олардың ауыр еңбегі барысында айтарлықтай көмек көрсетіп, тағы да бір кішкентай сәбидің өмірін сақтап қалады деп үміттенеміз», - деді «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Қазіргі күні ҚР ДСМ Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына арнап ота жасау үстелі, жаңадан туған сәбилерге арналған тыныс беру аспабы және жедел жәрдем көрсететін медициналық көлік сатып алынды, деп хабарлады «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры.
«Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында Қазақстанның бүкіл аймақтарынан күрделі аурулармен түскен жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге жоғары дәрежедегі мамандандырылған көмек көрсетіледі. Жыл сайын клиникада 7000-нан аса науқас көмек алады, оның ішінде жоғарғы деңгейдегі қауіп тобына жататын аналардың 3000-ға жуық сәбиі бар. «Асыл Мирас» Қоры көмегінің арқасында біздің науқастарға тәулік бойы акушерлік, гинекологиялық және неонаталды көмек көрсетуге мүмкіндік беретін қажетті медициналық жабдық пен техника сатып алынды», - деп атап өтті Орталық директоры, м.ғ.д., профессор Талғат Құдайбергенов.
Сондай-ақ, Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қорының және Rixos Borovoe қонақ үйінің белсенді қолдау көрсетуімен 2014 жылы қайырымдылық велошеру ұйымдастырылып, одан жиналған қаржы Ақмола және Қызылорда облыстарының перинаталдық орталықтарына табысталды.
Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қорының 2014 жылы негізі қаланған. Қор бүкіл күш-жігерін өзінің негізгі мақсатына – балаларды дамыту және оларға көмек көрсетуге шоғырландырады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді