- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да 2014 жылы 3,5 млрд теңгеге 311 білім беру ұйымы жөнделді
ШҚО-да 2014 жылы 3,5 млрд теңгеге 311 білім беру ұйымы жөнделді
«311 білім беру ұйымдарында 3,5 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.Құны 400 млн.теңгеге жаңа нұсқалы 104 кабинет, 500 млн.теңгеге оқулықтар сатып алынды», - делінген хабарламада.
Облыстың барлық мектептері компьютерлендірілді, мектептердің 52% ADSL технологиясы бойынша кең жолақты Интернетке қосылған, деп хабарлады облыс әкімдігі.
640 мектепте (95,7%) тамақтануды ұйымдастыруға арналған жағдайлар жасалды, оның ішінде мектептерде 92,5% ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Мектепке дейінгі ұйымдардың саны 124 бірлікке өсіп, 825 бірлікті құрады.
54 жеке меншік балабақша жұмыс жасайды, оның ішінде 16 балабақша 2014 жылы ашылған.
3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 98,2%, 1 жастан 6 жасқа дейінгі - 85,5%-ды құрайды. Сонымен бірге балабақшадағы балалар кезегі 25 мың баланы, соның ішінде Өскеменде-6 мың, Семейде -11 және аудандарда - 8 мың баланы құрайды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында 2-мыңға жуық кәсіпорын 1887 баланы қамқорлыққа алған. «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ есебіне 211 миллион теңгеден астам қаражат аударылды. 16 баспана сатып алынды. Қала және аудан әкімшіліктерімен 174 баспана бөлінді.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға басты назар аударылады. Арнайы білім берумен 1649 мектеп жасына дейінгі бала (48,6%) және мектеп жасындағы 5540 бала (63%) қамтылған.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға арналған 889 лагерь және оқушылардың жалпы санының 80,2% қамтитын әр түрдегі алаңқайлар жұмыс істейді.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 128 мамандық және 248 біліктілік бойынша кадрларды даярлау жүргізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру түлектерінің жұмысқа орналасуы 2013 жылы 56%-дан 2014 жылға 62,8% -ға артты.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі