Ақмолалық оқушылар «SPARE» және «Clean Energy» экожобаларына қатысты

18 Ақпан, 2015 10:03
Ақмола облысының Аршалы ауданының оқушылары «Мектеп, балалар мен қоршаған ортаның қамқоршысы» атты ілкі бағдарламаға қатысуға шақырылды, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».

«ЭкоБейне» қоғамдық бірлестігі «SPARE» және «Clean Energy» халықаралық жобаларының аясында Қазақстан аймағында «Мектеп, балалар мен қоршаған ортаның қамқоршысы» атты ілкі жобаны жүзеге асыра бастады. 2015-2016 жылдар аралығында аталмыш жоба еліміздің 6 мектебінде жүзеге асырылады деп күтілуде»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Аталмыш жобаға қатысуға шақырылған Аршалы ауданындағы «Тургенев» мектебі мен «Өмір» қоғамдық қорының өкілдері белсенділіктерімен ерекшеленді. Жоба аясында оның үйлестірушісі Ирина Игнатович оқушылармен электр құрылғыларын дұрыс пайдалануға қатысты тренинг өткізді.

Оқушылар электр құрылғыларының жұмысын іс жүзінде қолданып көрді. Енді олар осындай тринингтерді өзге де сыныптастарына үйрете алады. Ал оқу жылының соңында жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп береді және ол  физика кабинетінің электр сымын жөндеу, мектеп тақтасына жарық түсіргіш құрылғыны орнату арқылы көрініс табады. 

Сондай-ақ жобаның аясында мектепте энергобригада құрылып, мектеп ғимаратының энергиялық әлеуеті бағаланып, қоршағант ортаның жағдайы сарапқа түседі. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстардың нәтижелері ақпарат ретінде таратылып, энергияны пайдаланудың тиімділігін арттырып, қоршаған ортаның жағдайын реттеуге бағытталған арнайы жоспар бектіліп,  мектеп ғимаратының энергиялық тиімділігін арттыратын шығынды аз қажет етеді деген іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

  

Барлық жаңалықтар