ИИДМБ: 2015 жылы СҚО-да 9 млрд теңгенің 15 жобасын жүзеге асыру жоспарланған

18 Ақпан, 2015 09:46
СҚО-да Индустрияландыру картасына 23 млрд теңге инвестиция көлеміндегі 26 жоба енгізу жоспарланған, ол мың жарым жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деді аппарат кеңесінде индустриялды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Марат Ысқақов.

Ол атап өткендей, жыл соңына дейін 9 млрд теңге инвестиция көлеміндегі 15 жобаны енгізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, кеңес барысында табиғи ресурстар мен табиғи байлықтарды реттеу басқармасының жетекшісі Қабиден Сәдуақасов 2014 жылдың қорытындысы мен 2015 жылдың жоспарымен бөлісті.

Оның айтуынша, басқарма құрамында 12 орман мекемесі мен мемлекеттік орман қоры аймағында 28 ағаш дайындайтын қолданушылар жұмыс істейді.

«2015 жылдың орман қоры 536 мың текше метрді құрады, оның 40 мың текше метрі халықты отынмен қамтуға беріледі», - деді ол.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, Есіл мен Есіл ауданында суды қорғау белгілерін  орнату мен ластанудың алдын алу жұмыстары жүрізілуде. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 7,7 млн теңге бөлінді.

Барлық жаңалықтар