- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Қазақстан 2015 жылы халықаралық байланыстарды тереңдету бағдарын белсенді түрде жалғастыра түседі
Н. Назарбаев: Қазақстан 2015 жылы халықаралық байланыстарды тереңдету бағдарын белсенді түрде жалғастыра түседі
«Біздің басымдықтарымыз ешқандай өзгеріссіз қала береді, ол еліміздің сыртқы саясат тұжырымдамасында көрініс тапқан. Былтырғы жылдың желтоқсанында «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарт» күшіне енді. Бұл құжат саяси, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың, барлық салалардағы екіжақты қатынастардың нығаюына септігін тигізеді. Біз Қытай Халық Республикасымен тегіс қамтылатын стратегиялық ынтымақтастықты және тату көршілік қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасымызды одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлетін боламыз. Біздің өңірдің халықтарын тарихи-мәдени тілдік ортақтық байланыстырып тұрғанын жеткізді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестері болып табылатын Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастыққа да күш салынатынын атап өтті.
Елбасының айтуынша, белсенді түрде дамып келе жатқан АҚШ-пен стратегиялық әріптестікті нығайту да еліміз үшін маңызды бағыт болып табылады.
«Қазақстан Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерімен, өңірлік құрылымдармен экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты белсенді ете түседі. Жақын тарихи, рухани байланыстарымыз бар Орта және Таяу Шығыс елдерімен Қазақстанның әріптестік қатынастары да екіжақты және өңірлік ұйымдар аясында өрбитін болады. Біз Ауғанстанның экономикалық, әлеуметтік дамуына көмек көрсетуді жалғастыра беретін боламыз», - деді Н. Назарбаев.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанның Африка құрлығымен, Латын Америкасы және Карибь байссейні елдерімен қарым-қатынасы сатылап дамып келе жатқанын жеткізді. Елбасының айтуынша, соңғы жылдары қиыр өңірлердегі бірқатар елдерде Қазақстанның елшіліктері ашылған.
Сөзінің соңында Қазақстан Президенті еларалық байланысты дамытуға үлес қосып отырған елшілерге зор алғысын жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады