• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО негізіне егемендікті құрметтеу, экономикалық прагматизм, теңдік және ашықтық ұстанымдары қаланған – Президент

ЕАЭО негізіне егемендікті құрметтеу, экономикалық прагматизм, теңдік және ашықтық ұстанымдары қаланған – Президент

17 Ақпан, 2015 19:11
Мемлекет басшысы Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесуде Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартың күшіне енгенін еске салды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«ЕАЭО негізіне егемендікті құрметтеу, экономикалық прагматизм, теңдік және ашықтық ұстанымдары негіз қалағандығын ерекше атап өткім келеді. Онсыз бірде-бір бірлестік тіршілік ете алмайды. Қазірдің өзінде ЕАЭО-ның тартымдылығы жайында жер-жерде айтылып, одақпен еркін сауда аймағын құруға қызығушылық танытқан елдердің қатары 10-ға жетіп қалған», - деді Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті ядролық қатер бүгінгі заманның ең салмақты проблемаларының бірі болып отырғанына назар аударды.

«Ядролық қаруды жалпыға бірдей горизонтальды және вертикальды таратпаудың жаңа әмбебап Шартын әзірлеу жөніндегі біздің бастамамыздың өзектілігін атап өткім келеді. Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімін нығайту бағытында күш жұмсауды жалғастыруда. Нью-Йоркте Орталық Азияда ядролық қарусы аймақ құру туралы Шартқа Хаттамаға қол қою осы бағыттағы сәтті жетістіктің  бірі болды», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтон мен Сеулде өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттерде барлық елдердің ядролық қарусыз әлем идеалдарына ұмтылуға деген тәуекелі көрініс табатын Жалпыға бірдей ядросыз әлем декларациясын қабылдау идеясын ұсынғанын айтты.

«Бұл – оңай мәселе емес. Егер өркениетті сақтап қаламыз десек, бәрібір осы бағытта алға жылжуымыз керек», –  деді Қазақстан Президенті.

Барлық жаңалықтар