- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан БҰҰ-ның орталық рөліне және халықаралық құқыққа арқа сүйей отырып, ұжымдық реттеу ұстанымдарын бекітуді жақтайды
Н.Назарбаев: Қазақстан БҰҰ-ның орталық рөліне және халықаралық құқыққа арқа сүйей отырып, ұжымдық реттеу ұстанымдарын бекітуді жақтайды
«Қазақстан теңдік, мүдделерді өзара ескеру, халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық рөліне арқа сүйей отырып, басты проблемаларды ұжымдық реттеу ұстанымдарын бекітуді жақтайды», - деді өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті атап өткендей, 2010 жылдың желтоқсанында Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитінде қатысушы елдер біздің ортақ, бөлінбес еуроатлантикалық және еуразиялық қоғамдастықтың қауіпсіздігі идеямызды қолдады.
Бүгінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бұл әдісі барынша талап етілуде. 21-ғасырдағы сын-қатерлер аясында біз 1975 жылы қабылданған Хельсинки актісіне балама түбегейлі жаңа шартты әзірлеуге кірісуді ұсынамыз. жаңа шарт өзара мүдделестік, ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы ұстанымдарының іс жүзінде жүзеге асырылуы негізінде қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құруды қарастыруы тиіс», - деді Н.Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барынша тиімді жолы мемлекеттердің тығыз экономикалық байланысы саналады.
«Бүгінде Батыс пен Ресейдің өзара экономикалық санкциялары әлемдік экономикадағы онсыз да қиын жағдайды ұлғайта түсетіндігі сөзсіз. Елдер мен халықтардың жағдайы нашарлай түседі. Қазақстан да әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде мұнан тыс қала алмайды. Бұл тұрғыда 12 ақпанда Минскіде қабылданған декларация Атлантикадан Тынық мұхитқа дейін ортақ экономикалық кеңістік құру идеясына бейілдікті қарастырады. Өз тарабынан Қазақстан сыртқы экономикалық байланыстарды және өңірлік интеграцияны кеңейту бағдарынан таймақ емес», - деді Қазақстан Президенті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді