• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда түріктердің тәжірибесіне сүйене отырып Кәсіпкерлерді микронесиелеу қоры ашылады (ФОТО)

Қазақстанда түріктердің тәжірибесіне сүйене отырып Кәсіпкерлерді микронесиелеу қоры ашылады (ФОТО)

17 Ақпан, 2015 19:02
Қазақстанда түріктердің тәжірибесіне сүйене отырып Кәсіпкерлерді микронесиелеу қорын ашу жоспарлануда, деп мәлімдеді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ-да өткен бирфингінде.

«Өткен жылы түріктердің тәжірибесіне сүйене отырып Кәсіпкерлерді микронесиелеу қорын ашқымыз келетіні туралы айтқан болатынбыз. Естеріңізде болса кепілдемесіз кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз деген едік.  Нақты іспен көрсеткен жөн екенін түсініп отырмыз, жақын айларда енгізетін боламыз. «Бәйтерек» холдингісімен сәйкесінше кесілім шартқа қол қойдық, аталмыш қорды құру мәселесін «Даму» қорымен келісі отырып шешудеміз», - деп түсіндірді А.Мырзахметов.

Осы ретте, оның айтуынша, қор пилоттық режимде ашылатын болады.

«5 миллион немесе 10 миллион, білмейміз, «Даму» қоры қайсысын қолдайтынына байланысты. Біз осындай қор ашамыз. Пилоттық тұрғыда қалай жұмыс істеуге болатынын көрсетеміз, оның тиімділігін, несие бойынша қаржының 90%-дан астамын қайта қайтарып ала алатынымызды дәлелдейміз. Дегенменде ауылдарға банктер бармайды ғой», - деп түйді ҰКП басшысы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар