- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев Алматыда медициналық холдинг ашуды тапсырды
Б.Сапарбаев Алматыда медициналық холдинг ашуды тапсырды
«Алматыдағы медициналық университеттің базасынан онкология мен радиология жөніндегі медицина холдингін ашу керек. Сонда ғана медицина қызметіне серпін беріліп, ғылымның жетістіктері іске қосылып, кадр мәселесі оңтайланады»,-деді Б.Сапарбаев.
Сонымен қатар, вице-премьердің пікірінше, мектептердегі медициналық қызмет көрсету жұмыстарын Денсаулық сақтау министрлігіне беру керек. «Сонда тәртіп болады. Әйтпесе соңғы уақытта мектептерде түрлі аурулар мен эпидемиялар көбейіп барады»,-деді ол.
«Бізге қазір Қазақстанның аумағында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың аясында жұмыс істеп жатқан жұмыс берушілер талап етіп отырған кадрларды дайындаған жөн. Жекелеген медицина нысандарын есептемегенде елімізде 5 медициналық орталық бар. Жалпы біз бүгінгі таңда қандай және қанша маман кадрларды дайындап жатырмыз, ол біздің қажетімізді өтейді ме?. Өйткені біз қанша мамандарды дайындап жатсақ та елімізде медицина мамандары жетіспеуде. Сондықтан осы мәселені толық зерттеп, жоспармен жұмыс істеу керек»,-деді Б.Сапарбаев.
Камила Амирова
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты