• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мысыр Уақыфтар министріне Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші съезіне шақыру тапсырылды

Мысыр Уақыфтар министріне Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші съезіне шақыру тапсырылды

17 Ақпан, 2015 20:11
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Берік Арын Мысыр Араб Республикасының Уақыфтар министрі Мұхаммад Мұхтар Жұмамен кездесті.

Кездесу барысында мысырлық министрге ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін V Съезге қатысу және оның қарсаңында 9 маусымда болатын Форум хатшылығының XIV отырысына өкілін жіберу үшін жолдаған шақыру хаты табыс етілді, деп хабарлады СІМ.

МАР Уақыфтар министрі ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көпұлтты елдегі дінаралық татулық пен бейбіт өмір сүруді қамтамасыз етіп отырған саясатын жоғары бағалап, бүгінгі таңда әлемде экстремистік және радикалды идеялардың кең етек жайған шағында Қазақстан ынтымақ пен бірліктің, төзімділіктің үлгісін көрсетіп отырған мемлекет деп атап өтті. 

М.Жұма Съезд жұмысына шақыруды ризашылықпен қабыл алып, оның жұмысына қатысуға дайындығын білдірді.

 

 

Барлық жаңалықтар