• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы Индустрияландыру картасы аясында 600 млрд теңгенің 75 жобасын жүзеге асыру жоспарланған

2015 жылы Индустрияландыру картасы аясында 600 млрд теңгенің 75 жобасын жүзеге асыру жоспарланған

17 Ақпан, 2015 18:24
2015 жылы Индустрияландыру аясында 600 млрд теңгенің 75 жобасын жүзеге асыру жоспарланған, деді инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев ОКҚ брифингінде.

«Осы жылы Индустрияландыру картасы аясында 600 млрд теңгенің 75 жобасын жүзеге асыру көзделген, ол 7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде Бозшоғал К5 экосанатының қозғалтқыш жағар-жанармайын өндіру, 400 мың тонна қуаттылығындағы кен өңдеу, тау-кен кешенінің құрылысы бар», - деді Ә.Исекешев.

Ведомство басшысының айтуынша, 2015 жылы 100 жобаның құрылысы жалғасты.

«Оның ішінде 18 жоба республикалық дәрежеде, оны Үкімет қадағалап отыр. Ол бойынша осы жылы 500 млрд теңге игеріледі», - деді ол.

Индустрияландыру картасы  жобаларының құрылыс алаңдарында 44 мың адам жұмыс істеуде.

 

 

Барлық жаңалықтар