• Басты
  • Жаңалықтар
  • Оңтүстік Қазақстан облысының суландыру жүйесін жетілдіруге 12 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалады

Оңтүстік Қазақстан облысының суландыру жүйесін жетілдіруге 12 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалады

17 Ақпан, 2015 19:41
Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 2 мыңнан астам техника мен агроқұрылғылар дайындалды, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.

Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуы шаруашылық саласының өкілдеріне егіс науқанын бір айға ертерек бастауға мүмкіндік берді. Егіс науқанына барлығы 6 мың тонна отын бөлінді, сондай-ақ аудандардың шаруашылық саласының өкілдері жеңілдетілген бағамен 34 мың тонна тыңайтқыштар алды.  

Биылғы жылы Мақтаарал ауданында мақта өсіру көлемі 9 мың гектарға қысқарған. Оның орнына 5 мың гектар алқапқа жоңышқа егу көзделген.

Сондай-ақ 1 мың гектар жерге жеміс-жидектер мен жүзім, ал 2,7 мың гектар жерге картоп пен өзге де көкөністер егіледі.

«12 миллиардқа жуық теңге жердің суландыру жағдайын жетілдіруге жұмсалады. Біз қазір техника сатып алып жатырмыз. Өйткені біз осыған дейін өсіріп келген жемістерден өзге де дақылдарды егудеміз. Бұған қоса, 2 миллиард 900 миллион теңге тоңазтқыштар салуға жұмсалады»,-деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов.    

Барлық жаңалықтар